Техникалық шығармашылық және өнертапқыштық республикалық жарыстары туралы ақпарат

Техникалық шығармашылық және өнертапқыштық республикалық жарыстары туралы ақпарат
2021 жылғы 9-11 маусым аралығында ҚР БҒМ РҚБОӘО қолдауымен онлайн режимінде техникалық шығармашылық және өнертапқыштық республикалық жарысы өтті. Аталған ауқымды іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен 17 команда қатысты. 16 маусымда жарыстың қорытындысы шығарылып, Қостанай қаласының техникалық шығармашылық мектебінің құрама командасы үшінші орынға ие болды. ҚТШМ 9 тәрбиеленушісі авто, әуе және кеме үлгілеу сияқты бағыттарда өз дарынын, реакция жылдамдығын, төзімділігін, тапқырлығын және күшін көрсетті. Мектеп жетістіктерінің қоржынына Казанцев Максим, Данияр және Мадияр Баямбаевтар, Скуридин Захар жүлделі орындар әкелді. Бірақ жарыстың қалған қатысушылары да өз аталымында қала мен облысты лайықты деңгейде көрсете алды. ҚТШМ педагогтары Дабижа Н. П. және Лапытько В. В. автокордтық және автотрассалық сияқты бағыттарды бағалауды сеніп тапсырып, автоүлгілеу бойынша төрешілер алқасына шақырылылғаны қуантарлық. Біз біздің командамызды, ҚТШМ-ның барлық педагогтарын құттықтаймыз, олардың әрқайсысы осы нәтижеге өз үлесін қосты және оларға болашақта жаңа жеңістер тілейміз!

Powered by WordPress. кулинарные рецепты. каталог комедий. автомобили лучшее