‼️Жаздың келуімен жер бетінде «Жазғы қар» – терек мамығы пайда болғанын хабарлайды.

‼️Құрметті ата-аналар!

‼️Жаздың келуімен жер бетінде «Жазғы қар» – терек мамығы пайда болғанын хабарлайды. Бұл тез тұтанатын табиғи материал білім беру ұйымдарының аулаларында, жылу трассалары құбырларының бойында, құрылыстардың, автокөлік тұрақтарының жанында жиналады. Кез келген ұшқын мамық оқ-дәрі сияқты жанады. Терек мамығы бірден жанатынын және тұрғын үйлер мен құрылыстардың маңына, шатырына жиналған үлпек өрт қаупіне келтіре алатынын ұмытпаған жөн. Көбінесе балалар терек мамығын жағу салдарынан өрттер туындайды.
‼️Осыған байланысты, құрметті ата-аналар, сіздерден балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймыз. Егер сіз кенеттен көшеде балалардың терек мамығымен ойнап жатқанын көрсеңіз-өтіп кетпеңіз, балаларға сіріңкелер мен оттықтарды пайдалануына жол бермеңіз. Биік үйлердің тұрғындарына абай болу керек. Қатты жел кезінде мамық лоджиялар мен балкондардың барлық түрлеріне бітеліп, оңай көтеріледі. Сөндірілмеген темекі тұқылы немесе сіріңке, от жұмыстарын жүргізу немесе балалардың тентектігі бірден өрттің шығуына әкелуі мүмкін.
Терек мамығынан өрттің пайда болуына жол бермеу үшін қарапайым ережелерді сақтаңыз:
– кез-келген ашық отты өңдеуде абай болыңыз;
– жасөспірімдер мен балалардың мамықты жағуға байланысты ойындарын тоқтатыңыз.
Есіңізде болсын, заң бойынша балалар ойынынан туындаған өрттерден келтірілген материалдық залалды ата-аналар өтейді («Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңы).
Егер жаныңызда зардап шеккен қайғылы оқиғаның куәгері болсаңыз, бұл туралы дереу құтқару қызметінің 101 телефонына, 112 ұялы телефонына хабарлау қажет.

Powered by WordPress. кулинарные рецепты. каталог комедий. автомобили лучшее