Құрметті ата-аналар! Қымбатты балалар! Бірде-бір, тіпті ең қымбатқа түсетін кадр, сіздің өміріңізге тұрарлық емес! Селфиден өмірдің мәнін жасамаңыз, «бәрі мөлшерімен болуы керек»деген алтын ережені ұмытпаңыз!

‼️‼️‼️»Селфи» атауына ие болған жаңа сөз біздің күнделікті өмірімізде берік орын алды. Сонымен қатар, өзіңізді түсіріп және лүпіл жинау үшін жариялау ниеті жасөспірімдер үшін ғана өзекті мәселе емес.
Әдемі кадрлар мен көп лүпіл жинауға ұмтылу кезінде көптеген адамдар қауіпсіздік туралы ұмытып кетеді. Биік ғимараттардың төбесінде, жүріп келе жатқан көлік аясында, рөлде, су айдындарында және т.б. орындарда ғажайып фотосурет жасауға ниет білдіргендіктен, адамдар жиі қиындыққа тап болып жатады. Бірақ, өкінішке орай, қайғылы статистика ешкімді тоқтатпайды, әдемі кадрлардың соңынан қуатындар өз өмірлерін қатерге тігуді жалғастыруда.
❗️Құрметті ата-аналар! Қымбатты балалар! Бірде-бір, тіпті ең қымбатқа түсетін кадр, сіздің өміріңізге тұрарлық емес! Селфиден өмірдің мәнін жасамаңыз, «бәрі мөлшерімен болуы керек»деген алтын ережені ұмытпаңыз!
Сонымен қатар, жазатайым оқиғаларға жол бермеу мақсатында білім бөлімінің қызметкерлері профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізуде. Рейдтер барысында жағалаулар мен қалалық жағажайларда балалар көбінесе ересектердің қарауынсыз жүретіні анықталды. Бұл біздің балаларымыздың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіруі мүмкін. Балаларды су айдындарына жалғыз жібермеулеріңізді сұраймыз!
❗️Есіңізде болсын, олардың қауіпсіздігі ең алдымен сізге байланысты!

Powered by WordPress. кулинарные рецепты. каталог комедий. автомобили лучшее