Мектеп визиткасы
«Қостанай қаласының білім бөлімінің техникалық шығармашылық мектебі» КММ
Мектептің құрылған жылы: 1991
Меншік түрі: МКҚК
Мекенжай: Қостанай қ., Красносельская көшесі, 3
Телефон: 73-00-53
E–mail:gshtt@kst-goo.kz
Тәрбиеленушілер саны: 498
Бағыты: техникалық, сәндік-қолданбалы.
Жұмысты ұйымдастыру: 9 бағыт – әуе үлгілеу, кеме үлгілеу, автотрассалық үлгілеу, автокордтық үлгілеу, робот техникасы, ракета үлгілеу, фотосурет, бастапқы техникалық үлгілеу, сәндік-қолданбалы шығармашылық.
Материалдық-техникалық база: жалпы ауданы – 1026 ш.м., жобалық қуаттылығы – 309 орын. Қызметкерлер барлығы – 27, оның ішінде әкімшілік-басқару персоналы – 2, техникалық персонал – 12.
Ғимараттың болуы: 1894 жылы салынған
жеке меншік
бейімделген
Қызмет мәні: балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуеті мен қабілеттерін іске асыру, дамуында қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдерді техникалық шығармашылықпен, спорттың техникалық түрлерімен айналысуға, қоғамдық пайдалы қызметке тарту арқылы оларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу, оларды қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту, балалардың денсаулығын нығайту, өзін-өзі кәсіби анықтау, шығармашылық еңбегі үшін қолайлы жағдайлар жасау
Инновациялық қызмет:
- Қостанай қаласының техникалық шығармашылық мектебінің негізгі басымдықтары: техникалық шығармашылық және техникалық спорт түрлері.
Мектеп қызметінің негізгі нысандары мен бағыттары:
- Қалалық және облыстық іс-шараларда көрнекі сөз сөйлеулер;
- Халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарға, көрмелерге, олимпиадаларға, конкурстарға, тұсаукесерлерге, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысу;
- Облыстық және қалалық көрмелерді, техникалық шығармашылық слеттерін, политехникалық олимпиадаларды, техника апталықтарын, Ашық есік күндерін өткізу;
- ТШМ ұжымына арналған тәрбиелік іс-шаралар: ашық есік күні, Денсаулық күні, Жас техниктер слеті, үйірмелер мен педагогтар арасындағы жаңа жылдық старттар, отбасылық старттар, білім байқауы, мектептегі техника апталығы, үміт старты, үйірмелерге арналған мерекелер;
- Ата-аналар жиналысы және ата-аналармен бірлескен іс-шаралар;
- Мектептермен, колледждермен, ЖОО-мен, ОӨК-мен, қосымша білім беру мекемелерімен, оқушылардың ғылыми қоғамымен, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасау;
- Үйірмелерге арналған жазғы көшпелі жиындар;
- Қосымша білім беру педагогтері арасындағы кәсіби шеберлік конкурстарына қатысу;
- Қала және облыс деңгейінде қосымша білім беру педагогтері үшін семинарлар, мастер-кластар өткізу;
- Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру.
Мектеп сайты: www.gshtt.kz
«Іскер қолдар» үйірмесінің шығармашылық лабораториясы
Робот техникасы бойынша Бірінші ашық облыстық зияткерлік олимпиадасына қатысу («Кегельринг», «Сумо», «Қозғалыс траекториясы» номинациялары бойынша жүлделі орындар
Техникалық бағыттар бойынша қалалық көрмелер өткізу-мектептің бұрыннан келе жатқан дәстүрі
Автотрассалық үлгілеу бойынша жарыстар тек Қазақстаннан ғана емес, жақын шетелден де көптеген қатысушылар мен қонақтарды жинайды
Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту-мектептің негізгі міндеті